Фото авторы: Әлеуметтік желі
Алматы әкімдігі
азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ірі сауда желілерімен меморандумға қол
қойды, - деп хабарлайды Newmedia.kz.
Оның мақсаты -
әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу және
белгіленген сауда үстемесін сақтау.
"Құжат аясында сауда желілері жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесін 15%-дан асырмай, бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұруға дайын екенін растады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, бағаны
тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу
жұмыстары ұйымдастырылған. Қазір олардың өнімдері ірі сауда желілерінің
сөрелеріне қойылған.
Пікір жоқ