Қоғам

АЭС құрылысына шамамен алты мыңға жұмысшы тартылмақ

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Президент сөзінде атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие екенін атап өтті.

«Қазақстан «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті. Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты. АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады. Сонымен қатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие»,-деді ҚР Президенті.

Осыған орай Мемлекет басшысы Қазақстанның ресейлік жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап көрсетті. Соның айғағы ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылғанын мысалға келтірді. Бұл бастама екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижесі ретінде бағаланады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру