Экономика

АЭС-ке атау беру бойынша ұлттық конкурс жарияланды

Echo

Фото авторы: ЖИ




Қазақстанда тұңғыш атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс жарияланды. Бұл бастаманы Атом энергиясы жөніндегі агенттік қолға алып отыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Конкурстың басталуы

Агенттік мәліметінше, конкурс ресми түрде 25 қыркүйекте басталады. Әрбір қазақстандық өз нұсқасын eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсына алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кез келген азаматтың қатысуына мүмкіндік жасалған.

Комиссия құрамында – түрлі сала мамандары

Конкурсты ұйымдастыру мақсатында арнайы комиссия құрылған. Оның алғашқы отырысында негізгі ұйымдастыру мәселелері қаралып, ережелер бекітілді. Комиссия құрамына қоғам өкілдерімен бірге креативті индустрия мамандары, атом энергетикасы, тарих және тіл саласының сарапшылары енген.

Жеңімпазды қашан білеміз?
Ұсыныстарды қабылдау кезеңі 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Одан кейін, 11–24 қазан аралығында комиссия барлық ұсыныстарды сараптап шығады. Жеңімпаз атау қазан айының соңында белгілі болады.
Ашық әрі әділ конкурс

Атом энергиясы жөніндегі агенттік өкілдері конкурстың ашық әрі әділ өтетініне уәде берді. Барлық ережелер мен ресми ақпарат агенттіктің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру