Қоғам

«Адал азамат» бағдарламасы: 23 мыңнан астам педагог дайындықтан өтті

Echo

Фото авторы: Gov.kz




Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда. Бағдарлама аясында 23 мыңнан астам педагог тәрбие бағдарламасы аясында кәсіби дайындықтан өтті.
Оқыту курстары мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесін жетілдіруге, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен жас ұрпақтың бойында адамгершілік, патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. 

Сонымен бірге педагогтер практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер барысында нақты әрекет ету алгоритмдерін құрастырып, жұмыс жоспарларын дайындады. Мұндай тәжірибе ұстаздарға тек теориямен шектелмей, нақты іс-қимыл арқылы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру