Спорт

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде топ жарды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Newmedia.kz.

48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күресті.

Тартысты белдесуде отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, алғашқы жарыс күні финалдық кезеңге тек Әбиба Әбужақынова жетті

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру