Экономика

2026 жылы жұмыссыз қалған азаматтар мемлекеттен әлеуметтік төлемді қалай ала алады?

Echo

Фото авторы: желі




Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерге қатысты жаңа мәліметтерді жариялады,- деп хабарлайды Newmedia.kz

Қанша адам әлеуметтік төлем алған?

Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмысынан айырылған 354,2 мың азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем алған.
Төленген қаражаттың жалпы көлемі 130,4 млрд теңгені құраған.

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы.

Әлеуметтік төлем мөлшері бұрынғы табыстың 45 пайызына дейін жетуі мүмкін және ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленеді.

Әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

Әлеуметтік төлем алу үшін азаматтарға келесі қадамдарды орындау қажет:

  • eGov.kz порталында тіркелу;

  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

  • онлайн өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растау;

  • өтініш жолданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұрғылықты жер бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

  • егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан «жұмыссыз» мәртебесі беріледі;

  • қажет болған жағдайда мансап орталығының қызметкерлері қосымша ақпарат алу үшін хабарласуы мүмкін.

Бұл қызметті электронды еңбек биржасы – enbek.kz порталы арқылы да онлайн түрде рәсімдеуге болады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру