Экономика

2026 жылы несие алу қиындайды

Echo

Фото авторы: primeminister.kz




Ведомства басшысы Тимур Сүлейменов бұл мәселеге қатысты шешім 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданатынын айтты. 

«Біз қарыз жүктемесі коэффициентінің (ҚЖК) шекті деңгейін төмендету қажеттілігін, сондай-ақ есепке алынатын кірістер құрамын өзгерту мүмкіндігін қарастырамыз. Еске салайын, ҚЖК қазіргі мәні – 0,5», – деді ол парламент сенатының пленарлық отырысында. 

Қарыз жүктемесі коэффициенті – банктер азаматтарға несие беру барысында назарға алатын маңызды көрсеткіш. Қолданыстағы шектеу – 50%, яғни болашақ қарыз алушының барлық несие төлемдері оның ай сайынғы табысының жартысынан артық болмауы тиіс.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың алғашқы жартысында Ұлттық банк Қарыз бен табыс арақатынасы (ҚТК) коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл банктерге несие алушылардың төлем қабілетін бұрынғыдан да қатаң бағалауға мүмкіндік береді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру