Қоғам

2025 жылдың соңына дейін қанша күн демаламыз?

Echo

Фото авторы: Әлеуметтік желі




Қазақстанда 2025 жылы жалпы 119 демалыс күні белгіленген, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Қазан айында елімізде Республика күні аталып өтті. Отандастарымыз мерекеге орай 25, 26 және 27 қазан (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) күндері демалды.

Енді жыл соңына дейін қандай мерекелік демалыстар болатынын есептеп көрейік.

Қарашада қосымша демалыс күндері болмайды. Демалыстар тек сенбі және жексенбі күндеріне түседі.

Желтоқсанда ел тұрғындары 16 желтоқсанда – Тәуелсіздік күніне байланысты 1 күн демалады. Ал 30 және 31 желтоқсан (сейсенбі және сәрсенбі) жұмыс күндері болып есептеледі, сондықтан жаңа жыл алдындағы дайындықтар жұмыспен қатар жүреді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру