Қоғам

17 жыл бұрын кісі өлтіруге қатысы бар деп танылып, іздеуде жүрген қазақстандық Литвадан елге әкелінді

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Ведомствоның хабарлауынша, күдікті 2007 жылы сыбайласымен бірге заңсыз табыс табу мақсатында Алматы қаласына келген. Олардың қылмыстық әрекеттері басқа қылмыстық топ мүшелерімен қақтығысқа ұласқан. Нәтижесінде олар қарсыластардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған.

2008 жылдың 19 мамырында күдіктілер өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында күтіп тұрып, бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ оның басына тиіп, «бақылау» оқ ретінде атылған. Алған ауыр жарақаттарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілердің бірі қолға түсіп, сот шешімімен жазасын алған, ал екіншісі жасырынған. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

«Жазадан жалтару мақсатында күдікті анкеталық деректерін өзгертіп, Еуропа аумағында жасырынған. 2025 жылғы тамыз айында Литва Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды. Кейіннен Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Айыпталып отырған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түріндегі жаза көзделген», - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру