Қоғам

Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды

Echo

Фото авторы: ІІМ




Атырау облысында жоғалған отбасы ісі: күдіктілер Индонезияда ұсталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қылмыстық істің мән-жайын баяндады.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша күдіктілер Индонезия аумағында ұсталған.

«Қазақстандық полицейлер Интерпол және Индонезия құқық қорғау органдарымен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі», – деді ІІМ өкілі.

Ведомство мәліметінше, ерлі-зайыпты аталған іс бойынша күдікті ретінде танылған. Ал марқұмдардың ұл-қызы әлі де іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру дерегі бойынша күдіктінің Индонезияда ұсталғанын хабарлаған болатын.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру