Фото авторы: видеодан скриншот
Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында қаланың маңызды нысандарына қызғылт сары түс берілді.
Осы күндері Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр.
Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғаудың маңызын және кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын еске салады.
Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.
Пікір жоқ