Қоғам

Жол апаты: марқұмның отбасы Шавкат Рахмоновтың әйеліне кешірім берді

Echo

Фото авторы: желі




2025 жылдың жазында Жамбыл облысында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысында марқұмның отбасы айыпталушы Гүлайым Рахмонованы кешіретінін айтты,- деп хабарлайды Newmedia.kz

Сот барысында қаза тапқан әйелдің әкесі оқиға жайлы қаралы хабарды кешкі уақытта естігенін жеткізді. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы үйлеріне айыпталушының туыстары мен жол апатынан көз жұмған екінші әйелдің анасы арнайы келген.

«Олар бізден кешірім сұрады. Бірге жыладық», — деді ол сотта.

Марқұмның әкесінің сөзінше, айыпталушы тарап қаза болған азаматшаның денесін Жамбыл облысынан жеткізуге көмектесіп, жерлеу рәсіміне байланысты шығындардың бір бөлігін өз мойнына алған.

Судьяның «айыпталушыны кешіресіз бе?» деген сұрағына ол: «Бұл — жол. Онда не боларын ешкім білмейді», — деп жауап берген.

Айта кетейік, апат салдарынан екі әйел адам қаза тапқан. Олардың бірінің артында 2006 жылы туған ұлы қалды.

Еске сала кетсек, жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы — Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында болған. Тергеу мәліметінше, Гүлайым Рахмонова Қарағанды қаласынан Алматыға қарай көлікпен жолға шыққан. Көлікте оның әпкесі, ұлы және құрбысы болған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот процесі жалғасуда.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру