Қоғам

Жетісу облысында алаяқ тұрғындардың атынан 40 миллион теңгеге несие алған

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Жетісу облысында 40 миллион теңгеден аса соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталған.

«Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асты. Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге пайдаланған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру