Қоғам

Жетісайдағы өрттен кімдер аман қалды

Echo

Фото авторы: pristalica.by




Аман қалғандар – 39 жастағы ер азамат, 34 жастағы жұбайы және олардың 7 жастағы қызы. Қазір үшеуі де ауруханада, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, олардың біреуі есін жиып, хәлдері бірқалыпты деңгейге түсе бастаған.

Қайғылы жағдай 17-қарашадан 18-қарашаға ауған түні орын алған. Алдын ала деректер бойынша, өрт шыққан кезде үйдің ішінде екі бірдей отбасы болған. От әп-сәтте үйдің түгел аумағына тарап, 15 адамды жалын қауызына алған.

Өкінішке орай, бір отбасының 12 мүшесі қаза тапты. Марқұмдардың арасында 9 бала мен 3 ересек болғаны анықталды.

Бұған дейін полиция 60 жастағы әйел, оның 39 жастағы ұлы және 7 жастағы немересі аман қалды деп хабарлаған еді. Алайда кейін Денсаулық сақтау министрлігі әжейдің көз жұмғанын, ал бір жанұяның үш адамы – ерлі-зайыптылар мен олардың қыздары тірі қалғанын нақтылап мәлімдеді.

Белгілі болғандай, аман қалған жанұя тойдан кейін туыстарының үйіне қонаққа келіп, сол жерде түнеп қалған.

Қазіргі уақытта дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды жасап жатыр. Жарақат алғандарға тиісті медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру