Қоғам

Жетісайдағы өрт. Түркістан облысында кең ауқымды рейд басталды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Облыс аумағында 350 мыңнан астам тұрғын үй мен ғимарат тіркелген. Оның ішінде 139 мыңға жуық нысанға өрт қауіпсіздігіне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бұл тексерулер жеке үйлерді, көп қабатты баспаналарды, сауда орындарын қамтиды.

Қалған объектілерді бақылау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр.

Сала мамандарының айтуынша, өңірде орын алатын өрт оқиғаларының көбі жеке үйлерде, автокөліктерде және сауда ғимараттарында тіркеледі.

Өрттің басты туындау себептері – электр құралдарын дұрыс қолданбау және пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде: тұрғын үйлердегі өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту, әлеуметтік мекемелерге, қонақүйлер мен хостелдерге ерекше назар аудару, заңсыз тұрғызылған құрылыстарды анықтау бойынша арнайы топ құру, және өртке қарсы тексерістерді жүйелі түрде өткізу тапсырылды.

Профилактикалық жұмыс аясында мамандар тұрғындарға өрт хабарлағыш құралдарын орнатуға кеңес беріп, қауіпсіздік нормаларын белсенді түрде түсіндіруі тиіс.

Аталған жұмыс тобының құрамына жергілікті әкімдік, газ қызметі, «ҚазАқГазАймақ», төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да тиісті мекемелердің өкілдері енгізілді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру