Спорт

“Жеңісті күндерде жолыққанша“. Шымкенттік жанкүйерлер Амангелді Сейітханды ерекше құрметпен еске алды

“Жеңісті күндерде жолыққанша“. Шымкенттік жанкүйерлер Амангелді Сейітханды ерекше құрметпен еске алды

Фото авторы: instagram.com/ffshymkent/




Шымкенттік жанкүйерлер танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітханды ерекше құрметпен еске алды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

"Ордабасы" мен "Жетісу" арасындағы матч кезінде жанкүйерлер арнайы перфоманс ұйымдастырып, ойынның басында және 69-минутта қолдау көрсеткен.

Бұл ойынды Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Сейітхан жүргізген.

"Қиын сәтте сүйейтін де, жығылса көтеретін де - өз қазағы. Сондықтан қазақтың жанашыры қазақ қана", - деп жазды ол желіде.

Айта кетейік, 11 мамырда атақты комментатор Амангелді Сейітхан 57 жасқа толар еді. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру