Қоғам

Желіде “жаңа паспорттың“ суреттері дау туғызды: ІІМ пікір білдірді

Echo

Фото авторы: Скриншот Threads




Әлеуметтік желілерде Қазақстанның "жаңа төлқұжаты" делінген эскиз тарады. Құжаттың сыртқы дизайыны Оңтүстік Корея паспортына ұқсас екені айтылып, бұл қызу пікірталас тудырды. Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Желіде тараған дизайн қызу талқыға түсті. Пікірлер екіге бөлінген: бірқатар қолданушы жаңа нұсқаны заманауи әрі жинақы деп бағаласа, көпшілік қазіргі көгілдір түсті қазақстандық төлқұжатты сақтап қалу керек деген пікір білдірген.

Пайдаланушылардың айтуынша, қолданыстағы төлқұжат өзге елдердің құжаттарынан ерекшеленіп, Қазақстанмен тікелей байланысы бірден көрінеді.

"Шетелде бұл төлқұжатқа жиі назар аударады", "Көгілдір түс пен үлкен елтаңба – біздің айрықша белгі", – деп жазды желі қолданушылары.

Скриншот Threads

Сонымен қатар, кейбір азаматтар желіде таралған суреттерді ІІМ ресми түрде жарияламағанын атап өтіп, олардың жаңа төлқұжаттың бекітілген дизайнына қатысы жоқ екенін айтты.

ІІМ бұл ақпаратты растады. Ведомство өкілдері мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған эскиздер Қазақстан азаматтарының жаңа төлқұжатының ресми жобасына қатысы жоқ. Дегенмен жаңа дизайн әзірленіп жатқаны айтылды.

Министрлікте төлқұжаттың жаңа нұсқасын дайындау барысында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) талаптарына сай қосымша қорғаныс элементтері мен заманауи технологиялар ескерілетінін хабарлады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру