Қоғам

Жапонияның солтүстігінде 7,6 балл жойқын жер сілкінісі тіркелді

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




8 желтоқсан күні Жапонияның солтүстігінде магнитудасы 7,6-ға тең жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Newmedia.kz

Зілзала ошағы Хонсю аралының солтүстік бөлігінен шамамен 80 шақырым шығыс бағытта орналасқан. Жерасты дүмпулері ең айқын сезілген өңір – Аомори префектурасы. Қираған нысандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Елдің метеорологиялық қызметі шығыс және солтүстік-шығыс жағалауда биіктігі 3 метрге дейін жетуі ықтимал цунами қаупі барын хабарлады. Қауіпті аумақтар қатарына Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектуралары енгізілді. Билік халықты жағалаудан тез арада қашықтап, биік жерлерге шұғыл көтерілуге үндеді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру