Қоғам

Жангелдинде қаза тапқан отбасы: тың дерек шықты

Echo

Фото авторы: ІІМ




Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасының ісіне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевті мамырда, қалған үш адамды қарашада өлтірген.

Тергеу дерегіне сүйенсек, ол қылмысты басқа адамдардың қатысуынсыз өзі жасаған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылған, өз әрекеті үшін жауап бере алады.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Tengrinews.kz

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру