Фото авторы: желі
Сот жарыссөзі барысында прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайроллаев блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы нақты мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Десе де айыптау тарапы айыпталушылардың кәмелетке толмаған балалары болуын жеңілдететін мән-жай ретінде ескеруді сұрады. Прокурордың айтуынша, ауырлататын мән-жай анықталмаған.
Прокурор блогер Ерболат Жанәбіловті Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады: 214-баптың 2-бөлігі 2-тармағы, 218-баптың 2-бөлігі 1-тармағы.
Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша айыптау тарапы блогердің мүлкін тәркілеп, түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сондай-ақ, прокурор бұлтартпау шарасын үйқамақтан күзетпен ұстауға өзгертуді және оны сот залында қамауға алуды сұрады.
Прокурор блогер Эльмира Төлегеноваға да осындай жаза сұрады.
Айыптаушы тарап оның мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесу қажет екенін мәлімдеді. Десе де Олжас Хайроллаев Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жазаның орындалуын бір жылға шегеруді сұрады.
Үкім заңды күшіне енгенге дейін Эльмира Төлегеноваға қатысты бұлтартпау шарасын үйқамақтан ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгерту ұсынылды.
Пікір жоқ