Фото авторы: instagram.com/zhanabylov_e
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот үкіміне шағымдануға ниетті емес. Бұл туралы олардың адвокаты Гауһар Айтжанова мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Оның айтуынша, блогерлер сот шығарған үкімді қабылдаған, апелляциялық шағым түсіруді жоспарлап отырған жоқ.
"Шағым түсіріп, апелляцияға бермейміз. Ең бастысы олар бостандықта. Эльмираның жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды. Оның тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмаса, сот оның өкінуін және талап арызды өтегенін ескеріп, әрі қарай жазадан босатуы мүмкін", - деді ол.
Сондай-ақ, адвокат ерлі-зайыптыға әртүрлі жаза берілуі Эльмира Төлегенованың ЖШС иесі мәртебесіне байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.
Айта кетейік, танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылды.
Пікір жоқ