Қоғам

Жамбыл облысында автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: зардап шеккен адамдар бар

Echo

Фото авторы: kris.p.original.trz




Жамбыл облысында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, Аса-Ақкөл тасжолында болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке сәйкес Van Hool маркалы автобус жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан", - деді өңір полициясы.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру