Фото авторы: mail.kz
Жамбыл облысы Полиция департаментінің редакцияға берген жауабына сүйенсек, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп жазылған жауапта.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2021, 2023 жылы туған балалар стационарға бас-ми жарақатымен және мидың жедел ісінуі диагноздарымен түскен.
"Екі баланың да басына, кеуде қуысына, жамбас сүйектеріне компьютер томографиясы жүргізіліп, лапароцентез жасалды. Ми ісінуіне қарсы терапия тағайындалды. 2021 жылы туған баланың сан сүйегіне ота жоспарланған", - деп жазылған жауапта.
Пікір жоқ