Қоғам

“Үстіне ағаш құлаған“: Шымкентте 10 жастағы бала қайтыс болды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




11 ақпанда Шымкентте 11-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 10 жастағы бала өлі табылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Полицияға кәмелетке толмаған баланың үстіне ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.

"Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес кәмелетке толмаған бала ойнап жүріп, қалың қар жиналған ағаш бұтақтарын өзіне қарай тартқан. Салдарынан ағаш құлаған", - деп жазылған Шымкент ПД хабарламасында.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру