Қоғам

ҰҚК операциясы: Алматыда қылмыстық топ әшкере болды

Echo

Фото авторы: ҰҚК




Cәуірде ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңырау шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

"Олар басқа заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиян бағдарламаларды қолданған. Осы схема бойынша 4 миллионнан аса қоңырау шалынып, байланыс операторларына келген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асқан", - деп жазылған хабарламада.

Тінту барысында техникалық құралдар, іске қатысты өзге де заттай дәлелдер тәркіленген. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру