Әлем

Ұлыбритания Путинмен келіссөздерді қолдамады

Echo

Фото авторы: желі




Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөздерге әзірге дайын емес. Сондықтан Киевтің одақтастары Мәскеуге қатысты экономикалық және әскери қысымды күшейтуі қажет, - деп хабарлады Newmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иветт Купер Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ұсынған Владимир Путинмен диалогты қайта жандандыру жөніндегі бастаманы қолдамағанын мәлімдеді.

«Путиннің шынымен бейбітшілікті қалайтынын дәлелдейтін нақты айғақтар қажет. Ал қазіргі таңда ондай белгілерді көріп отырған жоқпын», – деді Иветт Купер 15 қаңтарда америкалық Politico басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта негізгі дипломатиялық күш-жігерді Украина мен оның жақын серіктестері жұмсап отыр.

«Украина АҚШ-пен бірлесіп және Еуропаның қолдауымен қауіпсіздік кепілдіктерін қамтитын бейбіт реттеу жоспарын әзірлеу жолында үлкен табандылық танытып отыр», – деді Ұлыбритания СІМ басшысы.

Сондай-ақ Купер Кремль басшысының келіссөздер үстеліне отыруға әзір еместігін атап өтті. Осыған байланысты ол соғысты тоқтату үшін Путинмен тікелей диалогтан гөрі Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейтіп, Украинаға әскери көмекті арттыру қажет деген пікір білдірді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру