Қоғам

Үкімет Каспийді сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Echo

Фото авторы: ult.kz




Президенттің Каспийді зерделеу және сақтау, сондай-ақ, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

"Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық, гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық шараны қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражаты мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылау тапсырылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру