Қоғам

Түркістанның экологиялық тынысы: 10 гектар аумақта жаңа тұқымбақ іске қосылды

Echo

Фото авторы: Gov.kz




Инвестициялық жобаны «SK GeoKart» ЖШС қолға алған. Тұқымбақ аумағында өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған жылыжайлар орнатылып, барлық агротехникалық талаптар сақталуда.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысанда болып, өндірістік процестермен танысты және көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жоспар бойынша тұқымбақта:
– 700 мың біржылдық гүл,
– 1 миллион жапырақты ағаш көшеті,
– 500 мың қылқанжапырақты ағаш көшеті өсіріледі.

Сонымен қатар раушан гүлдері мен сәндік бұталар да отырғызылып, Түркістанның экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған тұрақты жасыл қор қалыптастырылады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру