Қоғам

Түркістан облысының әкімі Жетісай ауданындағы шұғыл жағдай орнына барып, көңіл айтты

Echo

Фото авторы: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі




Өңір басшысы Президент тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылғанын, зардап шеккендерге тиісті көмектер берілетінін жеткізді.

«Жетісай ауданы Алғабас ауылында болған ауыр қайғылы жағдай бәpіміздің жанымызға батты. Өрт салдарынан адам шығыны мен зардап шеккендер бар. Бұл – бүкіл облыс үшін орны толмас қасірет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкіметтік комиссия құрылды. Қазір барлық жауапты органдар оқиғаның нақты себептерін анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу толық және жан-жақты жүргізілетін болады. Облыс әкімдігі тарапынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілуде. Сонымен бірге марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толықтай қолдау көрсетеміз. Бұл жағдай біздің толық бақылауымызда. Қандай да бір қосымша шаралар қажет болса, жедел іске асырамыз. Қаза болғандардың жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамын. Жарақат алған азаматтардың тез сауығып кетуін тілеймін. Біз мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық деңгейде қауіпсіздік шараларын күшейтеміз», – деді Нұралхан Көшеров.

Тілсіз жау жалмаған мекенде аудан әкімі, аудандық прокурор, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары жұмыс істеп жатыр. Жедел жағдайды бағалау және көмек көрсету мақсатында ауданға облыс әкімі, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімі жетекшілік ететін арнайы жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.
Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру