Фото авторы: freepik.com
Өрт екі қабатты тұрғын үйде шыққан, сол сәтте үйде екі отбасы болған. От жылдам таралып, үйдің төбесі құлап кеткен.
Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева оқиға орнында жедел қызмет пен психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
«Өрт кезінде төбе құлап кетті. Үйде ата-аналар мен балалар болған, қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда», – деді ол.
Көршілердің айтуынша, үйде алдынғы күні отбасылық шара өтіп, сол түні үйде қонақтар болған. Жағдайы нашар күйдегі үш адам эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкімдігіне зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсету және трагедия себептерін жан-жақты тергеуді тапсырды.
Тергеу органдары тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға орнында полиция, прокуратура және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Пікір жоқ