Фото авторы: Gov.kz
Рейс «Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының» ұйымдастыруымен арнайы санитарлық жүзеге асты. Өрттен зардап шеккен 1990 жылы туған әйел әуе көлігімен Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, Жетісай ауданында тиісті жабдықтардың болмауына байланысты, науқасқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін оны басқа қалаға көшіру қажет болған.
Санитарлық рейс барлық қауіпсіздік талаптарына сай орындалып, қонғаннан кейін науқас мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына берілді.
Пікір жоқ