Фото авторы: видеодан скриншот
Түркістан облысында Келес өзеніне абайсызда ағып кеткен 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары тоқтады, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Баланы іздеуге бір айдан аса уақыт жұмсалған. Іздеуге арнайы құтқарушылар келгенімен, нәтиже болмаған.
Ресми мәлімет бойынша мамандар көрсетілген аумақты толық сүзіп шыққан. Жұмыс тәулік бойы жүргізілген. Әрбір аумақ мұқият тексерілген.
Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 8 бала суға кеткен.
Пікір жоқ