Фото авторы: Gov.kz
Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, тұрғын бұрынғы жұбайының қарумен үйге келіп, балалардың көзінше жанжал туғызғаны туралы арызданған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына келген кезде ер адам жүгіріп, көршінің ауласындағы сарайға тығылған. Бірнеше ескерту жасалғанына қарамастан, ол бағынбай, полицейлердің бірін жаралап, оқ атқан.
Тәртіп сақшылары жағдайды тоқтату үшін ауаға ескерту оқтарын атқан.
«Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқық бұзушы алған жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Пікір жоқ