Қоғам

Түркістан облысында ер адам әкесін аяусыз ұрып-соққан: сот үкімі өзгерді

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соқты деп айыпталған ер адамға сот үкімі өзгерді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Бірінші сатыдағы сот үкімімен бұған дейін оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда бұл іс қайта қаралды. Бұған болғаның оқиғаның өте ауыр екені, жәбірленуші ұзақ уақыт зардап шеккені, күдікті аса қатыгездікпен туған әкесінің денсаулығына қасақана орташа дәрежедегі жарақат салғаны, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарына хабарламауы себеп болған.

"Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертіліп, түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді", - деп жазылған соттың хабаралмасында.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру