Қоғам

Түркістан облысында атыс болып, бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




«2 қарашаға қараған түні Түлкібас ауданында атыс фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды, үшеуі медициналық мекемеге жеткізіліп, қажет медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жетті. Жедел іс-шаралар барысында қысқа мерзімде күдіктілердің жеке басы анықталды. Солардың бірі ұсталып, қамауға алынды», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және екінші күдіктіні анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Істің тергелуі Түркістан облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру