Фото авторы: Gov.kz
Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде үй толықтай өртке оранған.
«Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.
Көршілердің айтуынша, оқиғаға дейін бір күн бұрын үй иелері басқосу ұйымдастырып, қонақ қабылдаған.
Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық жедел қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу басталып, өрттің себептері анықталып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет пен Түркістан облысының әкімдігіне зардап шеккен отбасыларға қажетті көмектің көрсетілуін және оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.
Пікір жоқ