Қоғам

Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талаған

Echo

Фото авторы: depositphotos.com




Түркістан облысы Отырар ауданында 4 жасар қызды шибөрі талаған, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Облыс әкімдігі мәліметінше, зардап шеккен азаматтар аудандық орталық ауруханаға жүгініп, құтыру ауруына қарсы профилактикалық екпе алған.

"Қазір олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Бір адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Инфекция таралуының алдын алу мақсатында шибөрі анықталған аумақ пен зардап шеккен тұрғындардың аулалары залалсыздандырылды", - деп жазылған хабарламада.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында екені айтылды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру