Фото авторы: BBC Arabic
- Судан жантүршігерлік қатыгездікті бастан кешіріп отыр. Ол жер бетінде зорлық-зомбылыққа ең толы жерге және сонымен бірге ең үлкен гуманитарлық дағдарысжайлаған елге айналды. Азық-түлік, дәрігерлер және басқа да қажеттіліктерге мұқтаж. Әлем бойынша араб елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Құрама Штаттардан жақында кеткен Сауд Арабиясының құрметті тақ мұрагері менен Суданда болып жатқан оқиғаларды дереу тоқтату үшін президенттік биліктің күші мен ықпалын пайдалануды сұрады. Судан өкінішке қарай құлдырап бара жатқан ұлы өркениет саналады, бірақ елдер арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіру арқылы жағдайды қалпына келтіруге болады, - деп мәлімдеді Трамп жазбасында.
АҚШ басшысының сөзінше, Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Таяу Шығыстағы өзге де әріптестермен бірге «осы қылмыстарды тоқтатып, сонымен қатар Судандағы жағдайды тұрақтандыру» бағытында бірлесіп әрекет етуге дайын.
Бұған дейін Судандағы «Жедел қолдау күштері» (RSF) деп аталатын қарулы топ Батыс Судандағы Эль-Фашер қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеген.
Қазіргі кезде Оңтүстік Судан әлемдегі ең күрделі гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан кешіруде. БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, елдегі шамамен 9,3 миллион адам (яғни халықтың 70 пайызға жуығы) гуманитарлық жәрдемге мұқтаж.
Пікір жоқ