Фото авторы: желі
Жарияланған суретте Трамптың аты-жөні көрсетілген «құжат» ұсынылып, онда оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэланың уақытша президенті қызметіне тағайындалғаны жазылған. Сонымен қатар, құжатта оның АҚШ президенті ретіндегі өкілеттігін де сақтап қалатыны көрсетілген.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқылауға ұласты. Алайда аталған суреттің ресми құжат екеніне қатысты әзірге АҚШ билігі тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.
Айта кетейік, ақпаратта 2025 жылғы желтоқсанда АҚШ Венесуэлаға қарсы арнайы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент Николас Мадуро мен оның жұбайын қолға түсіргені де айтылған. Мәліметке сәйкес, Мадуроға есірткі терроризмі, кокаин контрабандасы, қару-жарақ сақтау және АҚШ-қа қарсы әрекеттерді жоспарлау баптары бойынша айып тағылған. Оған төрт рет өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төнген.
Пікір жоқ