Әлем

Трамп Иранның болашағы туралы мәлімдеме жасады

Echo

Фото авторы: желі




АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы толық өзгеруін қолдайтынын және Вашингтонда "жақсы көшбасшы" рөліне лайық бірнеше үміткер бар екенін айтты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

"Барып бәрін тазартқымыз келеді... Оларда жақсы көшбасшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл жұмысты жақсы орындайтын бірнеше адам бар", - деді Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында.

Алайда бұл жолы да Дональд Трамп үміткерлер кім екенін атаудан бас тартты.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру