Фото авторы: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Newmedia.kz хабарлады
Ақпаратқа сәйкес, 22 қаңтар күні Президент АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давосқа аттанбақ.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптан Газа мәселесі бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алғаны хабарланған еді. Сонымен қатар Қазақстанға аталған кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылған.
Айта кетейік, АҚШ бастамасымен Газа аймағындағы жағдайды реттеуге бағытталған Бейбітшілік кеңесін құру жұмыстары жүріп жатыр. Құрылтайшы елдер ретінде қатысуға бірқатар мемлекет басшыларына ресми шақырту жіберілген.
Пікір жоқ