Фото авторы: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Президент спортшының отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі мен жеңіске деген қайсар ерік-жігері үшін алғыс айтып, бұл табыс бүкіл елдің мерейін асырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен Қазақстан азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Сонымен қатар Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, жаттықтырушылар құрамына, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионына алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.
Пікір жоқ