Қоғам

Тарихшы Айбек Абдурахмановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Айбек Абдурахмановтың айтуынша, іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.

«Достар, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл өте қиын кезең болды – денсаулықтан айырылу, отбасы үшін стресс, адвокаттарға кеткен үлкен шығындар», – деп жазды ол.

Бұған дейін оның қорғаушысы бұл мәліметті растаған болатын. Тергеу жұмыстары бірнеше айға созылған.

Еске сала кетейік, 30 шілде күні Алматыда Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро өткізген баспасөз мәслихатында тарихшыға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Сол кезде араздық белгілері Абдурахмановтың тарихи жазбаларынан емес, сол материалдарға жазылған кейбір қолданушылардың пікірлерінен табылғаны айтылған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Абдурахманов өзінің YouTube-арнасында ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына, соның ішінде ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін мәселелеріне кеңінен тоқталған.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру