Фото авторы: Instagram.com/adiletkhan
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
Заңгердің ұсталғанын оның көмекшілері хабарлады. Олардың сөзінше, Әділетхан ұсталғаннан кейін оның соңынан бес адвокат барған. Алайда заң өкілдері әріптесімен көрісудің қиынға соғып жатқанын айтты.
«Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», деп қысқаша хабарлады полиция.
Пікір жоқ