Қоғам

Танымал қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Echo

Фото авторы: әлеуметтік желі




Танымал қазақстандық блогерге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Тиісті ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.

Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу 10 қаңтар күні тіркелген. Іздеу шараларын Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру