Фото авторы: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде танымал әнші Рахат Тұрлыханов жұбайын ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.
"Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлері шақыртуға шығып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеріс барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтты. Кейін соққыға жығу дерегін жоққа шығарып, отбасылық жанжалға қатысты арыз жазды", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Пікір жоқ