Әлем

Таиландта қазақстандықтар мінген катер мен балықшылар кемесі соқтығысып, 1 адам қаза тапты

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Таиландтың Пхукет аралы маңында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысып, салдарынан катер суға батқан, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған. Олардың ішінде Қазақстанның 8 азаматы бар. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен отандастарымыздың барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

«Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр»,- деп хабарлады СІМ.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тайланд билігі мен құтқару қызметтері апаттың мән-жайын тексеруді жалғастырмақ.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру