Фото авторы: желі
Шымкентте 21 жастағы студентті өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Бұл ақпаратты полиция растады, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны анықтау үшін қала полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
«Қалаға кіреберіс және шығаберіс бағыттарда бақылау күшейтіліп, аумақ толықтай тексерілді. Нәтижесінде күдікті қала шетінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан ашық аумақта анықталып, ұсталды», – делінген ресми хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсталған азамат қаза тапқан қыздың танысы болған. Қылмыстың нақты себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Пікір жоқ