Қоғам

Шымкентте тағы бір жағаұстатар жағдай: 40 жастағы ер адам қаза тапты

Echo

Фото авторы: otyrar.kz




Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған.

Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент Полиция департаменті күдіктілердің жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін шаралар қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күш-құралы жұмылдырылды", - деді полиция.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру