Қоғам

Шымкентте ер адам көршісін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Шымкентте ер адам көршісін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Фото авторы: ozgeris.info




Шымкентте денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жергілікті басылымдар мәліметінше, марқұмның артында бес баласы қалған. Ол 65 жаста болған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру